Мақсаты: мемлекеттік тілді меңгеріп, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңірген, ұлттық аспаптарда ойнауды үйренген түрлі этникалық топтардың дарынды балаларына қолдау көрсету және оларды басқаларға үлгі ету.
Ашық алаңның қонақтары Кикбаев Аманжол Шәріпқанұлы — Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы, Карибжанов Самат Алпамысұлы – «Қоғамдық келісім орталығы — облыстық Достық үйі» КММ Ассамблеяның ақпараттық сүйемелдеу және қалалық және аудандық Достық үйлерімен жұмыс бөлімінің басшысы, Тұрсынова Алтынай Мұратқызы — Абай облысының лингвистикалық орталығы КММ қазақ тілі мұғалімі өз ойларын ортаға салып, оқушылардың өнерлерін тамашалап, биік белестерді бағындыруларына тілек білдіріп, мемлекеттік тілді меңгерудегі ниеттеріне рухани қолдау көрсетті.
Қазақ тілін жақсы меңгерген дарынды өзге ұлт оқушылары мен студенттері Абай атамыздың өлеңдерін жатқа оқып, әнін орындап, домбырада күй шертіп, ашық алаңның барлық қатысушыларын өнерлерімен тәнті етті.
Іс-шараға білім және тәрбие бері үрдісінің барлық қатысушылары, яғни оқушылар, студенттер, ата-аналар, ұстаздар қатысты, бүгінгі күнге жеткен жетістіктерімен және болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.