Skip to content

Жаналықтар

Абай облысында «Достық-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Семейдегі «Ес-Аймақ» рухани орталығында облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттар арасында өткен «Достық-2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі, Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Берік Уәли, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты. «Достық-2025» байқауы азаматтық қоғамды жүйелі түрде жаңғырту, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ Қазақстан… ары қарай оқу »Абай облысында «Достық-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бөлісу/Поделиться:

«Даналық көпірі» — жастармен кездесу

Бүгін «Даналық көпірі» жобасы аясында «Ғибратты ғұмырлар» тақырыбына арналған мазмұнды әрі жылы кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты — жастарға құрметті ақсақалдардың өмір жолын, еңбек тәжірибесін, адами қасиеттерін және тағылымға толы даналық кеңестерін үлгі ретінде таныстыру. Кездесуге Абай облысының ішкі саясат басқармасының өкілдері, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері және студенттер қатысты. Қатысушылар Ақсақалдар… ары қарай оқу »«Даналық көпірі» — жастармен кездесу

Бөлісу/Поделиться:

Қостанай қаласында Студенттік Ассамблеялардың І Республикалық форумы өтті

Қостанай қаласында Студенттік Ассамблеялардың І Республикалық форумы өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер үшін тәжірибе алмасу, идеялар ұсыну және студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған маңызды алаңға айналды. Форум барысында қоғамдағы келісімді нығайту, этносаралық өзара түсіністікті арттыру, жастар бастамаларын қолдау және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бүгінде еліміз… ары қарай оқу »Қостанай қаласында Студенттік Ассамблеялардың І Республикалық форумы өтті

Бөлісу/Поделиться:

Жасанды интеллект кезеңіндегі ұлттық бірлік және тұрақты даму

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобы, Жас ғалымдар клубы және Журналистер клубының бірлескен отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауы талқыланып, жылдам жүріп жатқан цифрлық трансформация жағдайында қоғамдық тұрақтылықты, ұлттық бірлікті күшейту және ақпараттық мәдениетті дамыту бағытында жаңа тетіктер іздеу мәселелері көтерілді. Спикерлер қатарында ҒСТ төрағасы,… ары қарай оқу »Жасанды интеллект кезеңіндегі ұлттық бірлік және тұрақты даму

Бөлісу/Поделиться:

Абай облысында дәстүрлі «Бірге! Бір толқында!» жастар форумы өтіп, жыл бойы белсенді жұмысымен көзге түскен жас азаматтар марапатталды.

Форум аясында «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы бойынша үздіктер анықталды. «Үздік жас волонтер» аталымында Айым Рысбек Қайратқызы – «Шаңырақ» студенттік Ассамблеясының төрағасы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық өкілдігінің мүшесі жеңімпаз атанды. Айым Қайратқызын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы істеріне сәттілік тілейміз.✨

Бөлісу/Поделиться:

Астана қаласында меценаттар мен еріктілерді біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» форумы өтті.

Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, меценаттар, еріктілер, сондай-ақ ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері қатысты. Форумда  меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен біздің жерлесіміз Талғат Сақан наградталды.

Бөлісу/Поделиться:

Бүгін Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста этномедиация орталықтары мен кеңестері жұмысының тиімділігін одан әрі жетілдіру бағыттары талқыланды. Әсіресе өңірлерде инциденттердің алдын алу, қоғамдық бірлік пен келісімді нығайту бойынша практикалық кейстерге басымдық берілді. Этномедиация құралдарын жүйелі түрде дамыту, сондай-ақ этномедиаторлар мен ҚХА-ның қоғамдық құрылымдары өкілдерінің өзекті мәселелерді шешу ісіне белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар… ары қарай оқу »Бүгін Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Бөлісу/Поделиться: