Skip to content

«Даналық көпірі» — жастармен кездесу

Бүгін «Даналық көпірі» жобасы аясында «Ғибратты ғұмырлар» тақырыбына арналған мазмұнды әрі жылы кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты — жастарға құрметті ақсақалдардың өмір жолын, еңбек тәжірибесін, адами қасиеттерін және тағылымға толы даналық кеңестерін үлгі ретінде таныстыру.

Кездесуге Абай облысының ішкі саясат басқармасының өкілдері, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері және студенттер қатысты.

Қатысушылар Ақсақалдар кеңесінің құрамын жаңарту, алдағы жұмыс жоспарлары мен маңызды қоғамдық бастамаларды талқылады.

Ақсақалдар өздерінің өмірлік естеліктерімен және жастарға бағытталған ақыл-кеңестерімен бөлісіп, жас буынға зор шабыт сыйлады.

Кездесу әсерлі концерттік нөмірмен аяқталып, қатысушылар естелік суретке түсті.

Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қоғамға еңбегін арнаған дана қариялардың өмірлік тағылымынан жастардың үлгі алуына жол ашады.

Бөлісу/Поделиться: