Skip to content

Ноябрь 2025

Абай облысында дәстүрлі «Бірге! Бір толқында!» жастар форумы өтіп, жыл бойы белсенді жұмысымен көзге түскен жас азаматтар марапатталды.

Форум аясында «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы бойынша үздіктер анықталды. «Үздік жас волонтер» аталымында Айым Рысбек Қайратқызы – «Шаңырақ» студенттік Ассамблеясының төрағасы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық өкілдігінің мүшесі жеңімпаз атанды. Айым Қайратқызын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы істеріне сәттілік тілейміз.✨

Бөлісу/Поделиться:

Астана қаласында меценаттар мен еріктілерді біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» форумы өтті.

Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, меценаттар, еріктілер, сондай-ақ ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері қатысты. Форумда  меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен біздің жерлесіміз Талғат Сақан наградталды.

Бөлісу/Поделиться:

Бүгін Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста этномедиация орталықтары мен кеңестері жұмысының тиімділігін одан әрі жетілдіру бағыттары талқыланды. Әсіресе өңірлерде инциденттердің алдын алу, қоғамдық бірлік пен келісімді нығайту бойынша практикалық кейстерге басымдық берілді. Этномедиация құралдарын жүйелі түрде дамыту, сондай-ақ этномедиаторлар мен ҚХА-ның қоғамдық құрылымдары өкілдерінің өзекті мәселелерді шешу ісіне белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар… ары қарай оқу »Бүгін Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Бөлісу/Поделиться:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Этномедиация: бірлік институты» атты модульдік оқыту бағдарламасы басталды

2025 жылғы 10 қарашада Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында «Этномедиация: бірлік институты» атты модульдік модульдік тәжірибелік оқыту бағдарламасының биылғы жылғы төртінші курсы өз жұмысын бастады.     Бағдарлама Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиация кеңестерінің төрағалары мен өңірлік Достық үйлерінің жанындағы этномедиация орталықтарының үйлестірушілеріне арналды.       Аталған шараға Абай облысынан… ары қарай оқу »Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Этномедиация: бірлік институты» атты модульдік оқыту бағдарламасы басталды

Бөлісу/Поделиться:

Астана қаласында республикалық «Мың бала» жобасының қорытынды гала-концерті өтті!

Абай облысының намысын Курчатов қаласынан келген Романенко Ева мен оның музыка пәнінің ұстазы Краснопольская Светлана Вячеславовна абыроймен қорғады. Ева «Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, өз өнерін жарқын әрі шебер түрде көрсетті! Еваны және оның ұстазын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жарқын жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

Бөлісу/Поделиться:

Абай облысында Президент Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Семей қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев өңір жастары және жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. Кездесуге «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысындағы өкілдігі де қатысты. Кеңесші Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» Жолдауында көтерілген жаңа технологиялар, адами капиталды дамыту және цифрлық трансформация бағыттарын түсіндірді. Кездесуде бірлестік белсендісі… ары қарай оқу »Абай облысында Президент Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Бөлісу/Поделиться: