Семей қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев өңір жастары және жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті.
Кездесуге «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысындағы өкілдігі де қатысты.
Кеңесші Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» Жолдауында көтерілген жаңа технологиялар, адами капиталды дамыту және цифрлық трансформация бағыттарын түсіндірді.
Кездесуде бірлестік белсендісі Айым Рысбек «Жасанды интеллект дәуіріндегі этносаралық келісім мен рухани сабақтастық» тақырыбында сөз сөйлеп, Ассамблея қызметінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін ілгерілету туралы баяндама жасады.
ЖИ этностар мәдениетін сақтау мен жастар арасындағы келісімді нығайтуда маңызды құралға айналуда.

