Skip to content

Жаналықтар

Барнауыл қаласында салт-дәстүрімізді дәріптеп қайтқан семейлік тұрғындарға құрмет көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Ресейдің Барнауыл қаласына барып, салт-дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған семейлік азаматтар, Гринев, Неклюдов және Жаймұхамедовтар отбасын қабылдады. Биылғы 6 қыркүйек күні жерлестеріміз Барнауыл қаласында болған құдалыққа қатысып, шапан, тақия секілді ұлттық киімдерімізді киіп, қазақы дәстүрмен шашу шашып, береке-бірліктің, достық пен туыстықтың үлгісін көрсетіп қайтты. Әлеуметтік… ары қарай оқу »Барнауыл қаласында салт-дәстүрімізді дәріптеп қайтқан семейлік тұрғындарға құрмет көрсетілді

Бөлісу/Поделиться:

Шығыс Қазақстан облысында «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті.

Іс-шарада келісім институттары мен азаматтық белсенділікті дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сессия жұмысына Достық үйлерінің директорлары, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жетісу облысы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Еркебұлан Ақболатов Достық үйлері бүгінде келісім орталықтары ғана емес, мәдени, жастар және азаматтық бастамаларға арналған алаңдар болып отырғанын атап өтті. Түркістан… ары қарай оқу »Шығыс Қазақстан облысында «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті.

Бөлісу/Поделиться:

Шығыс Қазақстан облысында өткен алғашқы Достық үйлері Конгресі аясында Достық үйлерінің директорлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастық пен жастардың өкілдері этноауылға барып

Шығыс Қазақстан облысында өткен алғашқы Достық үйлері Конгресі аясында Достық үйлерінің директорлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастық пен жастардың өкілдері этноауылға барып, онда Қазақстандағы түрлі этностардың дәстүрлері мен мәдени ерекшеліктерімен танысты. Делегаттар ұлттық тұрмыс пен қолөнер үлгілерін көріп, бірегей этнографиялық жәдігерлермен танысты, халық әндерін тыңдап, еліміз этностарының бай… ары қарай оқу »Шығыс Қазақстан облысында өткен алғашқы Достық үйлері Конгресі аясында Достық үйлерінің директорлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастық пен жастардың өкілдері этноауылға барып

Бөлісу/Поделиться:

17 қыркүйекте Достық үйінде модульдің төртінші күні өтті. Қатысушылар «Журналистика призмасы арқылы этносаралық қатынастар» тақырыбындағы тренингке қатысты. Ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған практикалық ұсынымдарға арналды.

Спикерлер ретінде Мұхтар Күлжан – ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы ҚХА Хатшылығының инспекторы, Әсел Артакшинова – «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары сөз сөйледі. Сарапшылар этносаралық тақырыптарды жариялаудағы дұрыс тәсілдер, қазіргі медиакеңістіктегі сын-қатерлер және БАҚ-қа деген сенімді нығайту туралы айтты. Сондай-ақ объективті ақпараттық кеңістік қалыптастырудың және қоғамдық келісімге ықпал етудің маңызы талқыланды.… ары қарай оқу »17 қыркүйекте Достық үйінде модульдің төртінші күні өтті. Қатысушылар «Журналистика призмасы арқылы этносаралық қатынастар» тақырыбындағы тренингке қатысты. Ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған практикалық ұсынымдарға арналды.

Бөлісу/Поделиться:

17 қыркүйекте Достық үйінде модульдің төртінші күні өтті, оның аясында екі семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Алғашқы тренингті PR-эксперт әрі саяси технолог Айгүл Ешмағамбетова «Әлеуметтік желілердегі арандатушылық пен манипуляциялар және антикризистік PR» тақырыбында жүргізді. Сабақ барысында заманауи ақпараттық шабуыл тетіктері, жалған хабарламаларға қарсы тұру әдістері және ресми дереккөздерге деген сенімді қалыптастыру құралдары қарастырылды. Екінші семинарды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков «Қазіргі жағдайдағы… ары қарай оқу »17 қыркүйекте Достық үйінде модульдің төртінші күні өтті, оның аясында екі семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Бөлісу/Поделиться:

✅ Бүгін Республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Ахатай Баян Орынбасарқызының қатысуымен Аналар кеңесінің жұмыс отырысы өтті.

📍 Кездесу барысында өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиесін қалыптастыруға бағытталған маңызды құрал ретінде «Жасыл сертификат» бағдарламасын ілгерілету бойынша негізгі бағыттар талқыланды. 🌱 Бұл бастама ҚХА-ның салауатты, саналы және экологиялық жауапты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Салауатты сана» республикалық жобасы аясында жүзеге асырылуда. 🤝 Жиынға қатысқан аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бағдарламаны өңірлерде енгізу… ары қарай оқу »✅ Бүгін Республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Ахатай Баян Орынбасарқызының қатысуымен Аналар кеңесінің жұмыс отырысы өтті.

Бөлісу/Поделиться: