Алғашқы тренингті PR-эксперт әрі саяси технолог Айгүл Ешмағамбетова «Әлеуметтік желілердегі арандатушылық пен манипуляциялар және антикризистік PR» тақырыбында жүргізді. Сабақ барысында заманауи ақпараттық шабуыл тетіктері, жалған хабарламаларға қарсы тұру әдістері және ресми дереккөздерге деген сенімді қалыптастыру құралдары қарастырылды.
Екінші семинарды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков «Қазіргі жағдайдағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі тәсілдері» тақырыбында өткізді. Ол мемлекеттік ақпараттық саясатты дамытудың негізгі бағыттарын, цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін және қоғаммен коммуникацияны арттыру жолдарын атап өтті.
Қатысушылар көтерілген тақырыптардың өзектілігін және ақпараттық қауіпсіздік пен қоғаммен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша сарапшылардан практикалық ұсынымдар алу мүмкіндігін ерекше атап өтті.
