Абай облысы ҚХА Аналар кеңесінің отырысы Zoom-конференция форматында өтті. Отырысқа онлайн режимде қалалар мен аудандардағы Аналар кеңесінің төрайымдары, ҚХА қоғамдық институттарының өкілдері және «Салауатты сана» жобасының әлеуметтік серіктестері қатысты.
Негізгі мәселелердің бірі-төртінші Ұлттық құрылтайдың қорытындылары мен оның қоғам үшін маңыздылығын талқылау болды. Сонымен қатар, Аналар кеңесінің заманауи қоғамдағы рөлі, буллингтің алдын алу, жастарды патриоттық тәрбиелеу және «Салауатты сана» жобасын іске асыру тақырыптары қарастырылды.
Қатысушылар пікір және тәжірибе алмасып, Аналар кеңесінің отбасылық құндылықтарды нығайту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және мемлекеттік бастамаларды іске асырудағы маңыздылығын атап өтті.