Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» КММ қызметкерлеріне Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін ұйымдастыруға атсалысқаны үшін өз атынан алғысын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.
Хакім Абайдың «Адамның адамшылығы істің басынан білінеді» дегеніндей, өңірдің қоғамдық даму жолында әрбір азаматтың тигізер үлесі бар. 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» екенін ескере отырып, орталық алаңда өткен Наурыз мейрамының жоғары деңгейде өтуі осындай азаматтарымыздың арқасында екенін атап өткен жөн.