Іс-шара аясында студенттер “Ассамблея жастары” және Студенттік ассамблея қызметімен танысып, олардың толерантты қоғам қалыптастырудағы маңыздылығы мен жастардың этносаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін талқылады.
Кездесудің жарқын сәттерінің бірі “ЭтноGame” интерактивті ойыны болды. Қатысушылар Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлері туралы білімдерін көрсетіп, ойын барысында жастардың бірлігі мен өзара түсіністігін нығайтты.
Лекторий қызу пікірталас пен достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды және оларды қоғамдық өмірге белсенді қатысуға ынталандырды.