Skip to content

Жер кіндігі Байқоңырда Ассамблея Туы ресми табысталды

«Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумы аясындағы Байқоңыр ғарыш айлағындағы экскурсияның ең ерекше сәті –форум қатысушылары зымыранның ұшу сәтін тамашалады. Жастар бұны – еліміздің ғарыштық дамуындағы жаңа белес, бірлік пен болашаққа сенімнің символы ретінде қабылдады.

Қатысушылар Байқоңыр мұражайында ғарыш саласының даму кезеңдерімен, Қазақстанның ғарыштық жетістіктерімен, сондай-ақ тұңғыш ғарыш айлағының терең тарихымен танысты. Мұражайдағы әрбір экспонат, тарихи құжат пен жәдігер – еліміздің болашаққа ұмтылысын айқындайтын құнды қазына.

«Жастар Ассамблеясы» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев «Ассамблея жастары» эмблемасы бар туды Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Волковқа ресми түрде табыстады.

-Біз бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ерекше форматта атап өтіп отырмыз. Біздің «Ассамблея жастары» ұйымы ел бірлігінің, тұрақтылық пен келісімнің жарқын үлгісі болып келеді. Біз үшін ғылым мен білім, инновация мен жаңашылдық – басты құндылық болып саналады. Осы ерекше сәт еліміздің бейбіт болашағын құру жолында аянбай еңбек етуге бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бірлігіміз бекем болсын. Ғарыштай шексіз мүмкіндіктерге бірге қол жеткізейік, — деді Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Елена Пак.

Осы тарихи сапар қатысушыларға Қазақстанның ғарыш саласындағы орны мен болашағына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

Бөлісу/Поделиться: