Skip to content

Семейде «Ақ бауырсақ» этно-аспаздық байқауы өтті

Дәм мен дәстүр үндескен ерекше шарада түрлі ұлт өкілдері өз халқына тән бауырсақтың түр-түрін әзірлеп, ұлттық ас мәзірінің байлығын паш етті.

Қазақ, орыс, неміс, татар, өзбек және украин қауымдастықтарынан келген 24 қатысушы тек аспаздық шеберліктерін ғана емес, тағаммен байланысты отбасылық естеліктерімен де бөлісті.

Шара барысында Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Татьяна Жекенқызы сөз алып, бауырсақтың қазақ халқы үшін киелі тағам екенін атап өтті:

— Достық үйінде тәрбиелік мәні зор «Ақ бауырсақ» іс-шарасы өтіп жатыр. Ұлтымыздың дастарханы қашанда бауырсағымен ерекшеленеді. Бүгін 24 қатысушымыз өздерінің ұлттық бауырсағы мен шелпегін ұсынды. Бұл – этностар арасындағы достықтың жарқын көрінісі, — деді ол.

Дайындалған әр бауырсақтың құрамы мен жасалу жолы келушілерге  тек дәм татқызып қоймай, түрлі этностардың ас үй мәзірінің ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік берді.

Шара соңында үздіктер марапатталып, қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Бөлісу/Поделиться: