Skip to content

Семей медицина университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» республикалық тақырыптық күні өтті.

Іс-шараның мақсаты – ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мен тағылымы арқылы қоғамда бейбітшілік, бірлік және келісім құндылықтарын нығайту.

Шара аясында Семей медицина университетінің Ардагерлер кеңесінің төрайымы, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі С.Т. Құттыбаева дәріс оқыды. Лекция барысында ұрпақтар сабақтастығы, этносаралық келісім және қоғамдағы өзара құрмет мәселелері қозғалды.

#ҚХА30жыл

Бөлісу/Поделиться: