Skip to content

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қаланың Орталық саябағында «Ассамблея жастары» ұйымдастырған қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шара аясында коммуналдық қызмет қызметкерлеріне тегін түскі ас таратылды.

Акцияның мақсаты – қала тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін күнделікті еңбек ететін коммуналдық сала жұмысшыларының еңбегін бағалау және олардың маңыздылығын атап өту.

Түскі ас тарату шарасынан бөлек, қысқаша алғыс айту рәсімі өтті. Оның барысында «Ассамблея жастары» өкілдері коммуналдық қызмет жұмысшыларына жанқиярлық еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

#ҚХА30жыл #30летАНК #алғысбәріне #мыңалғыс #rahmet #cпасибо

Бөлісу/Поделиться: