«Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және құрылымы, қазіргі қиындықтар мен перспективалар» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Абай облысында «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен құрылымы, қазіргі қиындықтар мен перспективалар» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараны Абай облысы бойынша ҚХА қызметінің кураторы, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының этномедиация мәселелерінің үйлестірушісі Рахимзада Инара Рагимқызы жүргізді.
Семинар жұмысына Ішкі саясат басқармаларының басшылары, облыстың Достық үйлерінің директорлары, этномедиация кеңесінің мүшелері, этномедиаторлар, Абай облысы ҚХА қоғамдық институттарының басшылары, белсенділер мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Семинар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы мен қызметіне қатысты мәселелер талқыланып, оның қазіргі сын-қатерлері мен даму перспективалары қарастырылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, өңірлік деңгейде этномедиация міндеттерін жүзеге асыру және этносаралық келісімді нығайту бойынша жаңа тәсілдерді талқылады.
Диалог алаңы қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды пікір алмасу орнына айналды.