🔹 Мухаммад Усама Шахид – Қазақстанға оқуға келген пәкістандық студент. Қазір ол Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша білім алуда.
🔹 Пәкістанның Пенджаб облысы, Чиниот қаласында дүниеге келген Усама қазақ тілін үйрену үшін арнайы Қазақстанға келген. Оның басты мақсаты – қазақ елінің мәдениетімен терең танысып, тілін меңгеру.
💬Өз ісіне адал және қазақ мәдениетіне құрметпен қарайтын жас маман!