Skip to content

ҚХА «Жаңа толқын» арнайы жобасы аясында Жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Мамандықтар шеберханасы» жобасының кезекті кейіпкері – Думан Бейсенбек, етікші.

Думан Бейсенбек – Қытай Халық Республикасында дүниеге келген. 2009 жылы оқуын аяқтап, жездесінен аяқ киім жөндеу ісін үйренеді. 2012 жылы Қазақстанға қоныс аударып, кәсібін аяқ киім жөндейтін шағын шеберханадан бастайды. Бүгінде ол Қалбатау ауылында етік тігетін өз шеберханасын ашып, кәсібін дамытып келеді.

«Мамандықтар шеберханасы» жобасы – жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсетуге бағытталған. Бұл шығарылымда етікшілік кәсібінің ерекшеліктері, оның қоғамдағы маңыздылығы және сұранысқа ие болуының себептері туралы білетін боламыз.

#ҚХА30жыл

Бөлісу/Поделиться: