Эфендиев Имдат Муса оглы 1962 жылы Арменияда дүниеге келген. Мектеп жылдарында отбасымен бірге Семей қаласына қоныс аударды. 1981–1983 жылдары Кеңес Одағының Қарулы Күштерінде әскери қызмет атқарды. 1990 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін тәмамдады.
1990–1992 жылдары клиникалық ординатурада білім алып, кейін Семей мемлекеттік медицина академиясының балалар жұқпалы аурулары кафедрасында ассистент болып қызмет етті (1992–2002). 2002 жылы балалар жұқпалы аурулары курсын басқарды, ал 2007 жылдан бастап НАО МУС-тың балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі болып табылады.
Көп жылдық тәжірибесі мен жоғары кәсібилігінің арқасында И.М. Эфендиев педиатрия және жұқпалы аурулар саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Оның ғылыми зерттеулері мен медициналық қызметі білікті мамандар даярлауға және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.
#ҚХА30жыл