Даутов Аманжол Төлеубекұлы 1955 жылы Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы жоғарғы партия мектебінде білім алған. Музыкалық колледжде оқып, Халықаралық құқық академиясын бітірген. 30 жылдан астам Аманжол Төлеубекұлы мәдениет саласында жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда, Жарма аудандық мәдениет сарайының директоры қызметін атқарады.
Көп жылдық тәжірибесі мен жоғары кәсібилігінің арқасында Аманжол Төлеубекұлы мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Ұжымдағы шығармашылық атмосфера, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен мәдениет саласындағы жетістіктер – оның білікті басшылығы мен тікелей қолдауының нәтижесі. Оның бастамасымен түрлі мәдени жобалар іске асып, аудан өнерпаздарына қолайлы жағдайлар жасалды.
#ҚХА30жыл