М. О. Әуэзов атындағы педагогикалық колледжде студенттер үшін «Мәміле» жобасы аясында «Үндестік» ситуативті қазақ тілін үйрену сабақтары ұйымдастырылды. Бұл сабақтар қазақ тілінде күнделікті және кәсіби жағдайларда қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Аталған сабақтардың мақсаты — қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрметті дамыту.