Skip to content

Әлихан Бөкейхан университетінде «Қазақстанның болашағы: Бірлік пен тұрақтылық» тақырыбында ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының, жас ғалымдар клубының және журналистер клубының отырысы өтті.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында және «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» республикалық тақырыптық күнімен орайластырылып өткізілді. Басты мақсат – қоғамда бейбітшілік пен келісім құндылықтарын нығайту, ақсақалдардың тағылымы арқылы этносаралық түсіністік пен ынтымақтастықты арттыру болды.

Отырыста А.Б. Базенов, М.М. Түйебаев, А.Н. Кливенко және Д.А. Бейсембаев бірлік, келісім, жастар мен ғылым, идеологиялық саясат тақырыптарында баяндама жасап, өз көзқарастарын ортаға салды. Әсіресе, «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» дәрісі аясында қоғамда татулықты сақтау жолдары кеңінен талқыланды.

Шара аясында қатысушылар Ассамблеяның 30 жылдық жетістіктеріне тоқталып, ұрпақтар сабақтастығы, этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселелерін ортаға салды.

#ҚХА30жыл

Бөлісу/Поделиться: