Каржиков Нурым Кунафиянович – 1967 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келген. 1984 жылы мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы Байланыс техникумына оқуға түсіп, электрик-байланысшы мамандығын меңгеріп шығады. Әскерден оралған соң, шағын кәсіпорынның жолдамасымен Беларусь мемлекетінің Витебск қаласына оқуға жіберіледі. Сол жақта «Радиотехника және тұрмыстық қызмет көрсету» мамандығы бойынша білім алады.
Нурым Кунафиянович 2002 жылы «Қоғамдық келісім орталығында» жұмысын бастады және осы күнге дейін осы салада еңбек етіп келеді. Өз ісінің кәсіби маманы ретінде ол электр жүйелерінің қауіпсіздігі мен тиімді жұмыс істеуіне жауап береді.
🔹 “Мамандықтар шеберханасы” жобасы – жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсетуге бағытталған. Бұл шығарылымда біз электрик мамандығының ерекшеліктері, оның қоғамдағы рөлі мен келешегі туралы білетін боламыз.