Іс-шараның басты мақсаты – мәдени дәстүрлерді насихаттау арқылы бірлік пен этностардың құндылықтарына деген құрметті нығайту.
Іс-шараны «Қазақ мәдени орталығы «Айша бибі» Облыстық Қазақ Мәдени Орталығы» қоғамдық бірлестігі. Оның жетекшісі – Бокпасаров А.
Көрсетілімге қазақ, орыс, татар және өзбек этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, олардың қонақтары мен әлеуметтік серіктестері қатысты. Бағдарламаның негізгі бөлігі ақ орамалдың дефилесі болды. Ақ орамал – тазалықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы. Шара барысында сөз сөйлегендер әртүрлі этностардың әйелдер бас киімдерінің маңыздылығы, олардың тарихтағы және қазіргі қоғамдағы рөлі туралы айтып берді.
Қонақтар мен қатысушылар дәстүрлі бас киімдердің көрмесімен танысып, орамалды сәндеп тағудың шеберлік сабағына қатысты.