Шәкәрім атындағы университетте Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» республикалық тақырыптық күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда бейбітшілік, бірлік және келісім құндылықтарын ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мен тағылымы арқылы нығайту. Іс-шара барысында ұрпақтар сабақтастығы, этносаралық келісім және қоғамдағы өзара құрмет сияқты маңызды тақырыптар талқыланды. Іс-шара қатысушылары тәжірибе алмастырып, өзекті мәселелерді ортаға салды. #ҚХА30жыл