Skip to content

17 апреля, 2025

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті.

Абай облысы да белсенді қатысып, фестиваль нәтижесінде «Халық аспаптары» номинациясы бойынша Ақсуат ауданынан «Бабалар сазы» этноансамблі І орынды, Семей қаласынан Серіков Мұрат ІІ орынды, ал Курчатов қаласынан «Асыл әжелер» ансамблі «Халық әні» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді.

Бөлісу/Поделиться:

Курчатов қаласында жастардың ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтудағы рөліне арналған көшпелі лекторий өтті.

Қатысушылар «Ассамблея жастары» мен Студенттік ассамблеяның қызметімен танысып, волонтерлік қызметтің қоғамдағы орны мен маңызы туралы ақпарат алды. Спикерлер нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күрестің маңыздылығына тоқталды. Лекторий қызу пікірталас пен достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Сонымен қатар, жастарды волонтерлік пен қоғамдық өмірге белсенді… ары қарай оқу »Курчатов қаласында жастардың ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтудағы рөліне арналған көшпелі лекторий өтті.

Бөлісу/Поделиться: