Келесі: РУКОВОДСТВО
Шарова Надежда Васильевна — «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры.
ӨМІРБАЯН

Н.В. Шарова 1965 жылы 9 тамызда бұрынғы Семей облысының Көкпекті ауданында дүниеге келген. Ұлты — орыс. Білімі – жоғары (Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және қоғамтану мұғалімі және тәрбие жұмысының әдіскері мамандығын алған).
Жұмыс тәжірибесі: 1987-1996 жылдары аралығында Киров атындағы Көкпекті орта мектебінде тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
1996-2007 жылдары — Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінде жетекші маман қызметін атқарып, бөлім басшысы лауазымына тағайындалды.
2007-2010 жылдары Көкпекті ауданы әкімі аппаратының бақылау бөлімінің меңгерушісі;
2010-2015 – «Жұлдыз» облыстық газетінің бас редакторы.
2015-2019 жылдары — Семей қаласы әкімінің орынбасары.
2019-2023 жылдары — «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қалалық Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры;
2023 жылдың наурыз айынан бастап «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» ҚМҚК директоры.
Шарова Надежда Васильевна жұмысында мобильді және заманауи технологияларды қолданады. Соңғы жылдары «Медиация процедурасы және дауларды шешудегі медиатор құралдары» атты бір күндік семинарда тренингтен өтті. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қорының «Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы» тақырыбындағы оқыту семинарында, «Этникалық қақтығыстардың алдын алу: жіктеу және талдау» халықаралық тренингіне қатысты.
Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
