Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің базасында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі» атты республикалық лекториі өтті. Лекторийге Бесқарағай ауданының этномәдени бірлестіктері, қоғамдық институттар өкілдері, ҚХА мен «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері қатысты.
Кездесу мақсаты этносаралық саясат, бейбітшілік пен келісімді нығайту, ҚХА қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.
Спикерлер ретінде РММ ЭМБ жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы А.Асилов, кеңестік және қазақ киносы мен театр актері, театр педагогы, профессор, Қазақстанның халық әртісі Т.Мейрамов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ж.Ибрагимов, «Семей медицина университеті» КеАҚ жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы, философия доценті Г. Уранхаева және Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, Әлихан Бөкейхан университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры А.Базенов сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.
Республикалық лекторий барысында «Бесқарағай ауданының Достық үйінің» қазақ және орыс бөлмелері мен неміс, татар бұрыштарына экскурсия жүргізіліп, қонақтар қолданбалы өнер көрмесін тамашалай алды














