Skip to content

Абай облысында «Абайдың мұрасы – ұрпаққа алтын қазына» челленджі өтті

2025 жылғы 24 маусымда Семей қаласындағы Орталық алаңда Абай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің бастамасымен облыстық Достық үйінің қолдауымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайдың мұрасы – ұрпаққа алтын қазына» атты ауқымды челлендж өтті. Челлендж «Рухани тазалық пен салауатты сана: Абайдың қара сөздері аясында» республикалық форумы шеңберінде ұйымдастырылды.

Челлендждің басты мақсаты – Абайдың шығармашылық мұрасын насихаттау, патриоттық сезімді арттырып, халықты ұлттық мәдениет байлығына баулу болды.

Іс-шара эстафетасы Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы Аналар кеңестеріне жолданды. Шара барысында мәдениет саласының үздігі, «Парасат» орденінің иегері, әнші Гүлдана Ноғайбаева Семей қаласының 180 әйел-анасымен бірге Абайдың әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.

Айта кетейік, бұл челлендж Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын жаңа ұрпаққа сақтау мен жеткізудегі маңызды бастамалардың бірі болды.

абай180жыл

Бөлісу/Поделиться: