Шараға «Мирас» татар этномәдени балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Вайнах» шешендер мен ингуштардың этномәдени бірлестігі және «Единство» славян этномәдени бірлестігі қатысты. Қатысушылар өздерінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырып, қоғамдағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Сонымен қатар, шараға Абай облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Жайрбаева Жаңанұр, Жарма ауданының Аналар кеңесінің төрағасы Берсугирова Алмагуль және Абай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің координаторы Балташева Әсем қатысып, ҚХА-ның 30 жылдығына арналған іс-шаралар мен Қазақстандағы толеранттылық жайлы ой бөлісті.
#ҚХА30жыл