
Бұл ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің, Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары жетекшілерінің біліктілігі мен құзіретін арттыруға арналған маңызды институт. ҚХА Академиясы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында құрылды.
Менеджмент бойынша тәжірибеге бағытталған алғашқы курс Достық үйлерінің басшыларына арналды. 5 күнге жалғасатын бағдарламаның аясында жобаларды басқару, гранттық қаржыландыру, бюджеттеу және этномедиация мәселелері бойынша дәрістер, семинарлар және тренингтер өтеді.