🔹Омарбаева Дәметкен Серікбайқызы Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Қамысты ауылында 1950 жылы 27 наурызда дүниеге келген. Тарбағатайдағы Жетіарал орта мектебінде білім алған. Семейдің Н.К.Крупская атындағы мұғалімдер институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетің бітірген. 20 жыл Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылында Тұрлықан Хасенұлы атындағы орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарған.
📖Кәсіби шеберлігі мен көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, Д.С. Омарбаева айтыс өнерін дамытып, ұлттық поэзия мен шығармашылық дәстүрлерді сақтауға зор үлес қосып келеді.
🌸 Дәмеш Серікбайқызын Халықаралық әйелдер күнінемен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілейміз!
#ҚХА30жыл #8наурыз #Халықаралықәйелдеркүні