Форум аясында Абай облысының аудандық және қалалық Аналар кеңесінің төрайымдары Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатысқан пленарлық отырыс өткізілді. Жиында ананың қоғамдағы орны, өскелең ұрпақтың салауатты санасын қалыптастырудағы рөлі мен Абай мұрасының заманауи қоғамдағы маңызы кеңінен талқыланды.
Форумға ерекше мәртебелі қонақтар — Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Шанай Назипа Ыдырысқызы мен төрайымның орынбасары Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы қатысты. Олар өз сөздерінде рухани тазалықты сақтау, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу мен моральдық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына баса назар аударды.
Сонымен қатар, форум аясында Семей қаржы-экономикалық колледжінің (СФЭК) базасында Абай қара сөздерінде аталған бес әлеуметтік кеселге арналған 5 тақырыптық секциялар ұйымдастырылды. Бұл секциялар барысында қатысушылар жағымсыз қасиеттер мен отбасыға тигізер әсерін талқылап, олардан арылудың жолдарын ұсынды.
Форум рухани жаңғыруға, адамгершілікке тәрбиелеуге және үйлесімді тұлға қалыптастыруға бағытталған әйелдердің бірлескен бастамасына айналды.