Фестивальге Абай облысы атынан «Айша Бибі» облыстық қазақ мәдени орталығы» ҚБ және «Семей орыс әлеуметтік-мәдениет орталығы» ҚБ өкілдері қатысқан делегация жіберілді. Облыс делегациясы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға және мәдени әралуандылықты насихаттауға бағытталған сәндік-қолданбалы өнер көрмесіне қатысты.