⚡️Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Абай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер клубының төрайымы Нүсупбаева Сайра Казеоспановна «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл жоғары мемлекеттік награда — этносаралық келісімді нығайтуға, қоғамдық бірлікті сақтауға және журналистика саласындағы белсенді қызметіне қосқан зор үлесі үшін табысталды.
Шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, шабыт және қоғам мен отандық журналистиканы дамыту жолындағы еңбегіңізге жаңа жетістіктер тілейміз!