Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Семей медицина университеті» НАО-да «Ақсақалдар мен жастар: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қатысушылар ұрпақаралық диалогтың, тәжірибе алмасудың және мәдени дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын талқылап, бұл үйлесімді қарым-қатынастарды дамытуға қосылған маңызды үлес екенін атап өтті. ЭМБ өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының елдің қалыптасуы мен дамуы тарихындағы рөлі туралы айтып берді.