Skip to content

Апрель 2025

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті.

Абай облысы да белсенді қатысып, фестиваль нәтижесінде «Халық аспаптары» номинациясы бойынша Ақсуат ауданынан «Бабалар сазы» этноансамблі І орынды, Семей қаласынан Серіков Мұрат ІІ орынды, ал Курчатов қаласынан «Асыл әжелер» ансамблі «Халық әні» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді.

Бөлісу/Поделиться:

Семей қаласында жаңа Достық үйі салынады

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық институттардың өкілдері қатысты. Бүгінде облыста 5 Достық үйі мен 46 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жыл басынан бері қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған 250-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. Кеңесте сөз алған облыс… ары қарай оқу »Семей қаласында жаңа Достық үйі салынады

Бөлісу/Поделиться:

ҚХА «Тамырлас» арнайы жобасының «Герои среди нас» айдарының кезекті қонағы А.Т. Даутов – Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма аудандық мәдениет сарайы» КМҚК директоры.

Даутов Аманжол Төлеубекұлы 1955 жылы Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы жоғарғы партия мектебінде білім алған. Музыкалық колледжде оқып, Халықаралық құқық академиясын бітірген. 30 жылдан астам Аманжол Төлеубекұлы мәдениет саласында жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда, Жарма аудандық мәдениет сарайының директоры қызметін атқарады. Көп жылдық тәжірибесі мен жоғары кәсібилігінің… ары қарай оқу »ҚХА «Тамырлас» арнайы жобасының «Герои среди нас» айдарының кезекті қонағы А.Т. Даутов – Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма аудандық мәдениет сарайы» КМҚК директоры.

Бөлісу/Поделиться:

Шәкәрім атындағы университетте Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» республикалық тақырыптық күні өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда бейбітшілік, бірлік және келісім құндылықтарын ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мен тағылымы арқылы нығайту. Іс-шара барысында ұрпақтар сабақтастығы, этносаралық келісім және қоғамдағы өзара құрмет сияқты маңызды тақырыптар талқыланды. Іс-шара қатысушылары тәжірибе алмастырып, өзекті мәселелерді ортаға салды. #ҚХА30жыл

Бөлісу/Поделиться:

Бизнес және сервис колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Абай облысындағы «Ассамблея жастары» РҚБ мен депутаттық корпус бірлесіп лекторий өткізді.

Іс-шара барысында жастардың өзекті жобалары, Студенттік ассамблеяның дамуы, рухани құндылықтар, азаматтық белсенділік және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудағы жастардың рөлі талқыланды. #ҚХА30жыл

Бөлісу/Поделиться: