Skip to content

Апрель 2025

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ҚХА мүшесі, Әлихан Бөкейхан атындағы университеттің ректоры — Койчубаев Александр Сергеевичпен кездесу өтті.

Кездесу барысында ел бірлігі мен келісімін нығайту, Ассамблеяның 30 жылдағы жетістіктері және бейбітшілік пен келісім құндылықтарының жастарға берілу маңызы талқыланды. #ҚХА30жыл

Бөлісу/Поделиться:

«Ассамблея жастары» РҚБ Курчатов қаласының жастарына арналған ерекше форматтағы «Тап» ойынын өткізді!

Қатысушылар түрлі этнос өкілдерінің тұрмыстық заттарын, киімдерін, музыкалық аспаптарын және ұлттық тағамдарын сурет арқылы танып, өз білімдерін сынап көрді. Шара соңында белсенділік танытқан жастарға естелік сыйлықтар табысталды. #ҚХА30жыл

Бөлісу/Поделиться:

Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми — әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес Абай облысы Семей қаласының Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында 2025 жылдың 18 сәуірінде «Тіл – татулық тірегі» облыстық ашық алаңы өткізілді.

 Мақсаты: мемлекеттік тілді меңгеріп, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңірген, ұлттық аспаптарда ойнауды үйренген түрлі этникалық топтардың дарынды балаларына қолдау көрсету және оларды басқаларға үлгі ету.  Ашық алаңның қонақтары Кикбаев Аманжол Шәріпқанұлы — Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің… ары қарай оқу »Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми — әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес Абай облысы Семей қаласының Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында 2025 жылдың 18 сәуірінде «Тіл – татулық тірегі» облыстық ашық алаңы өткізілді.

Бөлісу/Поделиться:

Семейде «Ақ бауырсақ» этно-аспаздық байқауы өтті

Дәм мен дәстүр үндескен ерекше шарада түрлі ұлт өкілдері өз халқына тән бауырсақтың түр-түрін әзірлеп, ұлттық ас мәзірінің байлығын паш етті. Қазақ, орыс, неміс, татар, өзбек және украин қауымдастықтарынан келген 24 қатысушы тек аспаздық шеберліктерін ғана емес, тағаммен байланысты отбасылық естеліктерімен де бөлісті. Шара барысында Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары… ары қарай оқу »Семейде «Ақ бауырсақ» этно-аспаздық байқауы өтті

Бөлісу/Поделиться:

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті.

Абай облысы да белсенді қатысып, фестиваль нәтижесінде «Халық аспаптары» номинациясы бойынша Ақсуат ауданынан «Бабалар сазы» этноансамблі І орынды, Семей қаласынан Серіков Мұрат ІІ орынды, ал Курчатов қаласынан «Асыл әжелер» ансамблі «Халық әні» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді.

Бөлісу/Поделиться: