Skip to content

admin

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті.

Абай облысы да белсенді қатысып, фестиваль нәтижесінде «Халық аспаптары» номинациясы бойынша Ақсуат ауданынан «Бабалар сазы» этноансамблі І орынды, Семей қаласынан Серіков Мұрат ІІ орынды, ал Курчатов қаласынан «Асыл әжелер» ансамблі «Халық әні» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді.

Бөлісу/Поделиться:

Курчатов қаласында жастардың ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтудағы рөліне арналған көшпелі лекторий өтті.

Қатысушылар «Ассамблея жастары» мен Студенттік ассамблеяның қызметімен танысып, волонтерлік қызметтің қоғамдағы орны мен маңызы туралы ақпарат алды. Спикерлер нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күрестің маңыздылығына тоқталды. Лекторий қызу пікірталас пен достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Сонымен қатар, жастарды волонтерлік пен қоғамдық өмірге белсенді… ары қарай оқу »Курчатов қаласында жастардың ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтудағы рөліне арналған көшпелі лекторий өтті.

Бөлісу/Поделиться:

Этномедиация бойынша семинар Абай облысының Курчатов қаласында өтті. Семинар спикерлері ретінде Этномедиация орталығының төрағасы Қуаныш Панарбекұлы мен Абай облысы  «Қоғамдық келісім» КММ директоры Надежда Шарова сөз сөйледі.

       Семинарға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері және мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.      Қатысушылар қоғамдық келісімді нығайту, этномедиацияның жанжалдардың алдын алудағы рөлі және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың маңыздылығы туралы өзекті мәселелерді талқылады. Спикерлер этномедиация саласындағы өз тәжірибелерімен және тиімді жұмыс құралдарымен бөлісті. Диалог алаңы… ары қарай оқу »Этномедиация бойынша семинар Абай облысының Курчатов қаласында өтті. Семинар спикерлері ретінде Этномедиация орталығының төрағасы Қуаныш Панарбекұлы мен Абай облысы  «Қоғамдық келісім» КММ директоры Надежда Шарова сөз сөйледі.

Бөлісу/Поделиться:

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналып, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында тоғызқұмалақ турниры өтті.

Турнирді Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі ұйымдастырды. Турнир ұлттық интеллектуалдық ойынды насихаттап, жастарды рухани және адамгершілік тәрбиелеуге бағытталды. Турнирдің құрметті қонағы ретінде Алматы облысы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы қатысты, ол осындай іс-шаралардың ұрпақтардың жалғасуын нығайту және мәдени дәстүрлерді сақтаудағы маңыздылығын атап өтті. Турнир жылы әрі достық… ары қарай оқу »Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналып, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында тоғызқұмалақ турниры өтті.

Бөлісу/Поделиться:

Семей қаласында жаңа Достық үйі салынады

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық институттардың өкілдері қатысты. Бүгінде облыста 5 Достық үйі мен 46 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жыл басынан бері қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған 250-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. Кеңесте сөз алған облыс… ары қарай оқу »Семей қаласында жаңа Достық үйі салынады

Бөлісу/Поделиться: