Skip to content

admin

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Этномедиация: бірлік институты» атты модульдік оқыту бағдарламасы басталды

2025 жылғы 10 қарашада Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында «Этномедиация: бірлік институты» атты модульдік модульдік тәжірибелік оқыту бағдарламасының биылғы жылғы төртінші курсы өз жұмысын бастады.     Бағдарлама Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиация кеңестерінің төрағалары мен өңірлік Достық үйлерінің жанындағы этномедиация орталықтарының үйлестірушілеріне арналды.       Аталған шараға Абай облысынан… ары қарай оқу »Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Этномедиация: бірлік институты» атты модульдік оқыту бағдарламасы басталды

Бөлісу/Поделиться:

Астана қаласында республикалық «Мың бала» жобасының қорытынды гала-концерті өтті!

Абай облысының намысын Курчатов қаласынан келген Романенко Ева мен оның музыка пәнінің ұстазы Краснопольская Светлана Вячеславовна абыроймен қорғады. Ева «Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, өз өнерін жарқын әрі шебер түрде көрсетті! Еваны және оның ұстазын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жарқын жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

Бөлісу/Поделиться:

Абай облысында Президент Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Семей қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев өңір жастары және жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. Кездесуге «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысындағы өкілдігі де қатысты. Кеңесші Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» Жолдауында көтерілген жаңа технологиялар, адами капиталды дамыту және цифрлық трансформация бағыттарын түсіндірді. Кездесуде бірлестік белсендісі… ары қарай оқу »Абай облысында Президент Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Бөлісу/Поделиться:

Ақсуат ауданы Екпін ауылында «Бірлігіміз әралуандықта» тақырыбында этноквиз форматында танымдық ойын өтті. Шараны Ассамблея жастары ұйымдастырды.

Зияткерлік ойынға мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастардың Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, оның этносаралық келісімді нығайтудағы және этностар достығындағы маңызы туралы білімін кеңейту. Қатысушылар тарих, мәдениет және ҚХА бастамаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, белсенділік, білімділік пен командалық рух танытты. Осындай шаралар жастар арасында отансүйгіштік, толеранттылық пен еліміздің ортақ құндылықтарына… ары қарай оқу »Ақсуат ауданы Екпін ауылында «Бірлігіміз әралуандықта» тақырыбында этноквиз форматында танымдық ойын өтті. Шараны Ассамблея жастары ұйымдастырды.

Бөлісу/Поделиться: