Skip to content

Ақсақалдар кеңесі жастармен «Даналық көпірі»

⚡️Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі жастармен «Даналық көпірі» форматында кездесу өткізді. Диалог алаңының мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен рухани құндылықтарын жастарға жеткізу.
Кездесу барысында жастар ақсақалдарға белсенді түрде сұрақтар қойып, олардың өмір жолына, қазіргі қоғамға деген көзқарастарына, отбасылық дәстүрлеріне, азаматтық ұстанымдарына және ұлттық бірліктегі рөліне қызығушылық танытты. Өз кезегінде ақсақалдар жастарға құрмет, еңбекқорлық және Отанға деген сүйіспеншілік секілді маңызды қасиеттерді атап өтіп, өмірден алынған тәжірибелерімен және ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Мұндай кездесулер жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға, ұрпақтар арасындағы диалогты дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Бөлісу/Поделиться: