Skip to content

ТОО «VEKAПласт» кәсіпорнында экскурсиясы

Жарма ауданының мектеп оқушылары ТОО «VEKAПласт» кәсіпорнында экскурсияда болып, оларды кәсіпорын басшысы Исабаев Сериккали Баширович қарсы алды. Ол өндіріс процесі, мансаптық мүмкіндіктер және қазіргі экономикадағы жұмысшы мамандықтарының маңызы туралы айтып берді.

💬 Оқушылар цехтардың жұмысымен танысып, тәжірибелі мамандармен еркін тілдесті, сондай-ақ болашақ мамандық таңдауға қатысты пайдалы кеңестер алды.

🎯 Мұндай кездесулер жастардың өзіне деген сенімін арттырып, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелейді және білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтады.

Бөлісу/Поделиться: