«Вайнах» шешен-ингушының мәдениеттік орталығы» ҚБ төрағасы Картоев Султан Умарович пен Абай облысының шахмат федерациясы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының қатысушысы Мингалиев Анатолий Минзаитовичті еске алуға арналған шахмат турнирін ұйымдастырды.
Турнирге барлығы 44 қатысушы қатысты. Олардың ішінде 1 халықаралық шебер, 11 спорт шеберлігіне кандидат бар. ♟️🇰🇿
