Семинар-тренингті Абай облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінің кураторы, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының этномедиация мәселелерінің үйлестірушісі Раһимзаде Инара Рагимовна өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылады. Ерекше назар этномедиация саласына және этномәдени бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға аударылды.
Семинар диалог форматында өтіп, талқыланған тақырыптардың маңыздылығын растай отырып, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.









