Семей қаласында «Жанжалды алдын алу және шешу» жобасы аясында ұйымдастырылған этномедиация бойынша тренинг өз мәресіне жетті. Екі күн бойы Абай облысына қарасты қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, Достық үйлерінің директорлары мен әдіскерлері этномедиацияның заманауи тәсілдерін меңгеріп, этносаралық саладағы дау-жанжалдарды шешудің практикалық құралдарын үйренді, тәжірибе алмасып, қоғамдық келісімді нығайту жолдарын талқылады.
Барлық қатысушыларға курсты сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды. Алынған білім мен дағдылар өңірлерде бірлік пен үйлесімділікті нығайту жолындағы жұмыстарға негіз болады.
