Skip to content

⚡️ҚХА-ның 30 жылдығына арналған «Тамаша тұлғалардың өмірі» –атты диалог алаңы.

Ақсақалдар кеңесі мен IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің Студенттік Ассамблеясы бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Тамаша тұлғалардың өмірі» атты диалог алаңын өткізді. Бұл жоба «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Бағдарламаның басты мақсаты – әрбір қазақстандықтың елге лайықты азамат болып, «Адал адам» (парасатты адам) атануға ұмтылысын қалыптастыру.

Жастар этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Қатысушылар өңір дамуына үлес қосқан танымал тұлғалардың өмір жолын талқылап, адамгершілік, адалдық және азаматтық жауапкершілік тақырыптарын қозғады.

Мұндай кездесулер жастарға Қазақстанның бай мәдени мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, ұлтаралық келісімді нығайтуға, патриотизм мен өзге ұлт өкілдеріне құрмет сезімін дамытуға ықпал етеді.

Бөлісу/Поделиться: