Skip to content

✨ «Абай оқулары – 2025» фестивалінің екінші аялдамасы — Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі!

✨ «Абай оқулары – 2025» фестивалінің екінші аялдамасы — Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі! Қатысушылар ұлы жазушының кіндік қаны тамған қасиетті шаңырағына барып, қазақ руханияты мен әдебиетінің терең қабаттарына бойлады.Киіз үй жанында ұйымдастырылған дастарханнан дәм татып, дәстүрлі қонақжайлықтың шынайы үлгісіне куә болды.🕰 Экскурсия барысында олар Мұхтар Әуезовтің өмір жолы, шығармашылық мұрасы туралы тың мағлұматтар алып, сирек кездесетін жәдігерлермен танысты. Сондай-ақ әлем әдебиетінің інжу-маржанына айналған «Абай жолы» эпопеясының қалай жазылғаны жайында қызықты деректер тыңдады.🎭 Экскурсияның соңында «Абай жолының ізімен» атты шығармашылық квест өткізілді. Бұл танымдық ойын қатысушылардың жазушы еңбегін терең түсінуіне мүмкіндік берді.🚀 Алда – жаңа сапар. Келесі бағыт – Сырт Қасқабұлақ, Абайдың алғаш өлең жазған, жыры мен рухы дарыған киелі мекен. #АбайОқулары2025 #МұхтарӘуезов #Бөрілі #АбайЖолы #АссамблеяЖастары #АбайОблысы #МәдениМұра

Бөлісу/Поделиться: