Skip to content

✨ Абай оқулары – 2025 | Финалдық аялдама — Жидебай

Фестиваль бағытының шоқтығы биік, жүрекке ең жақын аялдамасы — Жидебай.

Бұл мекен — тек тарих куәсі емес, рухани биікке бастар киелі орын. Мұнда Абайдың музей-үйі мен Шәкәрімнің қонысы орналасқан.

📖 Қатысушылар ұлы тұлғалардың өмір сүрген мекендерін аралап, әр кірпішінен рухты, әр бөлмесінен тарихты сезінді. Абайдың өлеңдерінен нәр алып, Шәкәрімнің ойларымен терең сырласқандай күй кешті.

🌿 Мавзолей кешенінің аумағында ашық поэзиялық сахна ұйымдастырылды.

Жастар Абай өлеңдерін оқып, әндерін орындап, өз әсерлерімен бөлісті. Бұл — мәңгілік мұрамен сырласқан, шынайы шабыт пен рухани байланыс орнаған сәт болды.

#АбайОқулары2025 #Жидебай #АбайҮйі #Шәкәрім #АбайҚұнанбайұлы #ҰлтМұрасы #АссамблеяЖастары #АбайОблысы #АбайМұрасы

Бөлісу/Поделиться: