Абай облысының «Ассамблея жастары» филиалының жастары қоқыс шығару арнайы көлігінің жүргізушісі Соловьев Владимир Витальевичпен кездесті.
🤝 Кездесу барысында жастар қарапайым, бірақ аса қажетті еңбектің маңыздылығын атап өтіп, оның құндылығы жайлы ой бөлісті. Владимир Витальевич қалада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ететін өзінің күнделікті еңбегі туралы әңгімелеп берді.
🔹 Жастар адал еңбегі мен ісіне берілгендігі үшін оған алғыс білдірді. Бұл жүздесу еңбек адамдарына деген құрмет алғыс мәдениетін нығайтып, ұрпақтарды жақындастыра түсетінін көрсетті.
