Фестивальдің екінші күні рухани тереңдікке толы сапармен басталды — Жидебайға жол тарттық.
📍 Алғашқы аялдама — Күшікбай батыр ескерткіші.
Қатысушылар ерлік пен елдікке толы тарихқа үңіліп, экскурсия жетекшісінің баяндауымен батыр өмірі мен өнегесін тыңдады. Экскурсияға «Ассамблея Жастары» РҚБ жетекшісі Джумарбаев Тимур Ғабдулұлы да қатысты.
Ескерткіш басында ақсақал бата беріп, жас ұрпаққа жүрекжарды тілегін арнады.
📍 «Абай жолы» шекарасында — Абай жолының символдық бастау нүктесінде — қатысушыларды қазақтың дәстүрлі шашу рәсімімен қарсы алды.
Осы киелі нүктеде әрбір қатысушы тарихтың тынысын сезініп, ұлы ақын мен ойшылдың рухына бір табан жақындай түсті.
🧂 Шашу — тек салт емес, ол буындар сабақтастығын білдіретін рухани бірігу, жомарт қонақжайлық пен әр мейманға деген құрметтің белгісі болды.
🕊 Бұл — тек тарихи саяхат емес, ұлттық мұрамен рухани байланысты нығайтқан сәт болды. ✨ Қатысушыларға ұлттық мұраны терең ұғынуға, рухани сабақтастықты сезінуге тағы бір қадам болды.
📚 Алда — жарқын кездесулер, тағылымды сәттер мен ұмытылмас рухани сапарлар күтуде!
#АбайОқулары2025 #Жидебай #АбайЖолы #КүшікбайБатыр #ҰлттықМұра #АссамблеяЖастары #Kazakhstan #Abai
