Skip to content

🌿 «Абай оқулары – 2025» фестивалінің төртінші аялдамасы — Еңлік — Кебек кесенесі

Фестиваль аясында қатысушылар Шыңғыстаудың жүрегінде орналасқан қасиетті орын — Еңлік – Кебек кесенесіне барды. Мұнда қатысушылар махаббат пен еркіндік жолында құрбан болған қос ғашықтың тағдырына арналған әдеби-музыкалық композицияны тамашалады.  Еңлік пен Кебек — дәстүр мен сезімнің қақтығысы, махаббат пен ар-намыстың мәңгілік символы. Қатысушылар бұл сәтте тек көрермен емес, жүрегімен сезінген, тағдырдың үнін естіп, шынайы махаббаттың құндылығын жан дүниесімен қабылдаған куәгерге айналды.

#АбайОқулары2025 #ЕңлікКебек #Шыңғыстау #Абай180жыл #ҰлттықМұра #АссамблеяЖастары #ҚазақТарихы #РуханиҚазына

Бөлісу/Поделиться: